Сыр өңірі алтын құрсақты көп балалы аналарымен мақтанады. Нағима Аймағамбетова 45 жыл дала төсінде еңбек етіп, қол жеткізген табыстары үшін «Даңқ» орденімен марапатталған. Күріш егуден 91 центнерден өнім алып, Сыр маржанын бүкіл Одаққа танытқан еңбекқор ана. Бүгінде Нағима ана мен Қаппар ағадан тараған он бес баладан, 30 немере, 8 шөбере бар.
Осы берекелі отбасында қала әкімі Мархабат Жайымбетов болып, өмір жолы өзгелерге үлгі, демографиялық саясатқа үлкен үлес қосқан батыр анаға үлкен алғысын білдіріп, ізеттілік көрсетіп үстіне шапан жапты.