Қызылорда қаласының ауруханасына тамақтан уланған 9 адам жеткізілді - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 19 мамыр. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының ауруханасына тамақтан улану диагнозымен 9 адам жеткізілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Жұма, 18 мамырда Белкүл стансасында орналасқан «Azerkorpu» ЖШС-нің асханасында ас ішкен мекеменің 9 қызметкері «тамақтан улану» диагнозымен Қызылорда қаласының облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.