Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі күндері Сыр өңіріндегі көптен бері болмаған суық орын алып тұр. Соңғы апталарда қар көлемі де орташа мөлшерден әлдеқайда асып түсті. Ал білім мекемелерінің уақытша жабылуына ақпан айының 3-5-сі аралығындағы ауа температурасының 23-33 градусқа дейін төмендеуі себеп болды.