Қызылорда қаласының көшелерін жөндеу жұмыстары басталды

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) – Қызылордада қала көшелерін жөндеу жұмыстарына байланысты мәжіліс өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Биыл қаладағы 100 көшені жөндеуден өткізуге облыс бюджетінен 4 млрд. теңге бөлініп отыр. Олардың 18-не күрделі жөндеу жасалса, 62 көше орта жөндеуге жатады. Тағы 20 көшеге қиыршық тас төселеді. Нақты кезеңде 14 көшенің жобалық-сметалық құны әзірленді. Маусымның 5-де қала бойынша 7 көшеде жөндеу жұмыстары басталады. Осыған байланысты жергілікті жобалау институтының директоры Еркін Көшмырзаев алдағы атқарылар жұмыстар жайлы хабарлама жасады. Күрделі жөндеуге жататын көшелерде жаяу жүргіншілерге арналған жолдан бастап,жарықтандыруға дейін ескерілген. Оған қоса жаңбыр мен еріген қар суы ағып кету үшін жан-жағынан арық жүйесін орналастыру ойластырылған. Орташа жөндеу жүргізілетін көшелерде де қара қиыршық тасқа дейінгі бөлігі қайтадан салынады. Әр көшені жөндеу мерзімі 3 аптадан 5 аптаға дейін созылады.