Қызылорда қаласының көшелерін жөндеуге 4,6 миллиард теңге бөлінді

ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Облыс әкімі Болатбек Қуандықов Қызылорда қаласы көшелерін жөндеу мәселесі туралы мәжіліс өткізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аймақ басшысы Елбасының биылғы Жолдауында жолдарды жөндеуге қатысты мәселенің де көтерілгенін және бұл бағыттағы жұмысты дер мезгілінде іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге 2009 жылға нақтыланған облыс бюджетінің көлемі 102 миллиард теңгеден асқандығын жеткізді.Жалпы, биыл аймақ өңіріндегі жолдарды жөндеуге 8,2 миллиард теңге қарастырылған. Осы қаражаттың 5,8 млрд. теңгесі облыстық бюджеттен, 2,4 млрд. теңгесі республикадан бөлінген. Бұл қаржыдан Қызылорда қаласына тиетін үлес ? 4,6 миллиард теңге.? Бұдан үш жыл бұрын жолдарды жөндеуге яғни, 2006 жылы ? 122 млн., 2007 жылы ? 534 млн., өткен жылы 1 миллиард 760 млн. теңге бөлінген болатын. Ал биылғы жылға бөлініп отырған қаражатқа қаламыздағы жүзге жуық көшелердің жолына жөндеу жұмысы жүргізіледі. Бастысы, осы жүзеге асатын істің жобалық-сметалық құнын нақты есептеп алуымыз тиіс. Егер, кімде-кім олқылық жіберетін болса, онда ол жауапкершілікке тартылады, ? деді Болатбек Баянұлы күн тәртібіндегі мәселенің өзектілігіне жұртшылық назарын аударып.Қала әкімі Мұрат Ергешбаевтың мәлімдеуінше, кейбір көшелерге асфальт түгілі, қиыршық тас та төселмеген. Сондай-ақ, инженерлік кәріз жүйесі нақтыланбаған жолдар мен жол белгісі қойылмаған аумақтар да баршылық. Мәселен, "Жібек жолы" көшесінің кейбір тұстары мүлдем сын көтермейді. Осы орайда облыс әкімі кетеуі кеткен жолға қандай жөндеу жұмысы жүргізілетіндігін сұрады. М.Ергешбаев бұл маңдағы төсеніштің түгелімен алынатындығын және орнына жаңадан асфальт төселетінін айтты.Аймақ басшысы ауыр жүк машиналарының жолда жүру тәртібі мәселесін де қозғады. Сонымен, алдағы уақытта бұл көліктер белгіленген айналма жолмен жүретін болды. Себебі, жеңіл көліктер жүретін жол зақымданбауы тиіс.? Бүгінгі көтеріліп отырған мәселелер өте ауқымды. Өйткені, қаламыздағы кейбір жолдардың тозығы әбден жеткен. Демек, бұл істі нақтылап алу үшін біз қоғамдық тыңдау өткізуіміз қажет. Тағы бір атап өтерлігі, темір жол өткелі бойынан аспалы көпір салу мәселесін биыл шешеміз. Бір сөзбен айтқанда, қарапайым тұрғындардың әлеуметтік жағдайын мейлінше оңтайлы шешуге бағыт ұстап отырмыз. Мысалы, "Жол картасы" бойынша өңірде 2135 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Мұнан басқа мамандарды даярлау ісіне 450 млн. теңге қарастырылып отыр. Мінеки, мемлекетіміз әлемді шарпыған қаржы дағдарысына қарамастан, осындай игі істердің бастамашысы болуда, ? деді облыс әкімі.