ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының 39 жастағы тұрғыны үш күннен бері хабарсыз кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда қаласының 39 жастағы тұрғыны Тәжмағамбетов Ербол Шәкизадаұлы 5 ақпанда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен.
«Осыған байланысты Қызылорда қаласы полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері: бойы: 1,75-1,80 см, арық денелі, ақ құба келген, көзі қоңыр түсті. Үстіне қара түсті бас киім, қара түсті куртка, көк түсті шалбар, аяғында қара түсті қысқы кроссовка киген. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда :8(7242)-29-75-20 телефонына немесе 102 арнасына қоңырау соғуды сұраймыз», - деп жазылған Қызылорда қалалық полиция басқармасы таратқан хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада 34 жастағы тұрғын бір айдан бері табылмай жатқанын хабарлаған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.