Қызылорда кеденшілері биыл 16 млрд. теңгеге жуық қаржы түсірді

None
ЗЫЛОРДА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері үстіміздегі жылдың 11 айының қорытындысымен мемле­кет бюджетіне 16 млрд. теңгеге жуық қаржы түсірді.

Бұл кеден төлемдері мен салықтары жөніндегі жоспардың 100,5 пайызға орындалғанын көрсетеді. Құқық қорғау бағытындағы жұмыстың нәтижесі де толымды. Жыл басынан бері 11 қыл­мыстық, 412 әкімшілік іс қозғалып, мемлекетке келтірілген 8 млн. теңгенің залалы қалпына келтірілді. Айыппұл­дан 39 млн. теңге өндірілді. Жүргізілген жедел іс-шаралар кезінде есірткінің заңсыз айналымының 15 фактісі анық­­талған.