Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жахановтың ҚазАқпарат тілшісіне берген мәліметіне сүйенсек, күріш алқабы азайтылып, шаруалар инновациялық суару технологиясын қолданысқа енгізіп, егіске ерекше күтіммен қарауда. Сондай-ақ, жем-шөп және басқа да ауылшаруашылығы дақылдарының аумағы ұлғайтылуда.
«Ағымдағы жылы шаруалар 781 гектар жерге жоңышқа екті. Мұнымен қоса, бидай - 3359, сұлы - 148, картоп - 560, көкөніс - 170, бақша өнімдері 667 гектар жерге егілді. Егістік көлемінің 99,7 пайызына жоғары сұрыпты астық тұқымы егілді»,- деді Б.Жақанов.
Бүгінде егін жинау науқаны аяқталып, келесі жылға жоғары сұрыптағы 19040 тонна астық тұқымы жинақталды. Астық тұқымын жинау жұмысы жалғасып жатыр.