Қызылорда мемлекеттік университетінде Қазақстанның қалыптасуындағы Президенттік институттың рөлі тақырыбына арналған халықаралық конференция өтті
Конференция аясында Қазақстан Тәуелсіздігін қалыптастырудағы Президенттік институттың маңызы және Қазақстандағы мемлекеттің эволюциясы: тарихы мен тағылымы тақырыбында секциялық жұмыстар жүргізілді.
Ғылыми конференцияның пленарлық мәжілісін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов ашты. Онда
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, саяси ғылымдарының докторы, профессор Камал Бұрханов,Білім және ғылым министрлігінің мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Амангелді Қашқымбаев, Украинаның Қырым инженерлік - педагогикалық институтының доценті, педагогика ғылымдарының докторы Ремзи Девлетов, Корей Республикасы Кангнам университеті қазақстантану кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ким Фил, Мәскеу қаржы-өнеркәсіп университетінің Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің бас директоры, экономика магистрі Бауыржан Қасымбергебаев тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, Елбасының көшбасшылығының феномені және т.б. осы сынды бірқатар мәселелерге жан-жақты талдау жүргізді.
Жалпы, конференцияда ғалымдардың 50 -ге жуық баяндама тыңдалды.
Конференция жұмысына облыс әкімі, саяси ғылымдарының докторы Қырымбек Көшербаев қатысты.