Алдын ала болжам бойынша, шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде ылғалдылық нормаға жақын болады, ал ылғалдылық тапшылығы бар өңірлердің ауданы ұлғаяды деп күтілуде.
Біршама құрғақшылық күтіледі: Ақмола облысының Жарқайың ауданында, Қостанай облысының Амангелді ауданында, Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз, Хромтау аудандарында, Ұлытау облысының Ұлытау ауданында, Атырау облысы Қызылқоға ауданында, Қызылорда облысының Шиелі ауданында.
Қызылорда облысының Қармақшы ауданы мен Қостанай облысының Жангелді ауданында қатты құрғақшылық болуы мүмкін.
Барлық агрометеорологиялық болжамдар www.agrodata.kz қосымшасында және «Қазгидромет» РМК ресми сайтында жарияланған, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынылады.