14 мамырда Маңғыстау облысының кей жерлерінде бұршақ болуы ықтимал. Күндіз найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.
Ертең түнде және таңертең Ақтауда тұман түседі. Таңертең және күндіз найзағай жарқылдайды. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді.
14 мамырда түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. 14-16 мамыр аралығында өңірдің кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, 14 мамырда таңертең және күндіз, 15-16 мамырда тәулік бойы желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.