ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды. Бұл қызметке Жақсылық Оспанов келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ж.Оспанов 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтын бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы Жаңақорған аудандық спорт клубының жаттықтырушысы ретінде бастаған. 1996-2016 жылдары - Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы сияқты жауапты қызметтерді атқарған.
2016 жылдың маусым айынан осы кезге дейін Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылорда облысында үш басқармаға жаңа басшы келгенін хабарлаған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.