Қызылорда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жаңа бастық тағайындалды

ҚЫЗЫЛОРДА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы әкімінің өкімімен облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жаңа бастық тағайындалды.

Бұл лауазымды енді Сәуле Ибрагимова атқаратын болады.

С.Ибрагимова Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист-маркетолог мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1978 жылы облыстық статистика басқармасы есептеу орталығының операторы болып бастаған. 1997 жылдан бері облыстық экономика басқармасында қызмет етіп келеді. Содан бері қызмет сатысымен жетекші маман, бөлім меңгерушісі секілді қызметтерін атқарды. Ал 2008 жылдан бастап жаңа лауазым алғанға дейін басқарма бастығының орынбасары болды.