«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесе отырып, Қызылорда облысы қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының бірінші орынбасары, әділет майорын едәуір көлемде пара алу үстінде ұстады», - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, ол өзіне бағынышты адамнан қызметі бойынша жалпы қамқорлық үшін айтарлықтай қомақты сомада пара алды деген күдікке ілініп отыр.
Күдікті ұсталып, Қызылорда қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.
Оның кінәсінің дәрежесін анықтайтын ақырғы шешімді сот қабылдайды.