Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бұрынғы басшысы тергелуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бұрынғы басшысы 12 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлаған. Бұл туралы онлайн брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаменті басшысының орынбасары Данияр Ақуан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызылорда облыстық департаменті аталған облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бұрынғы басшысы мен бөлім бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Олар 2017-2018 жылдары аралығында көтерме жалақы мен сыйақыларды заңсыз аудару арқылы жалпы сомасы 12,6 млн теңге болатын бюджет қаражатын ұрлаған», - деді Данияр Ақуан.