Онда «Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастырудың өзекті мәселелері» деп аталатын бір ғана мәселе қаралды. Ол бойынша облыстық білім басқармасының бастығы Жаңыл Жонтаева баяндама жасады.
Баяндамашы өз сөзінде 2010 жылғы жазғы маусымда 1-10-шы сыныпта оқитын 121875 баланың 5576-ы жергілікті жерлердегі қала сыртындағы лагерьде, 16887-і мектеп жанындағы күндізгі лагерьге, 13 906 бала тамақсыз ұйымдастырылған күндізгі демалыс орталықтарына, 600-і шатырлы лагерьде, 1500-і демеушілікпен, ата-ана көмегімен, кәсіподақ комитеттерінің қолдауымен демалғанын атап өтті. Сол сияқты осы аралықта 23027 бала көгалдандыру-көркейту және мектеп жанындағы жөндеу жұмыстарына бағытталған құрылыс жасақтарының тәжірибесіне, 150 оқушы Астана қаласына саяхатқа, 5000 бүлдіршін аула клубтары мен спорт алаңдардың үйірмелеріне, 1000 бала қосымша білім беру орталықтарының үйірме жұмыстарына тартылған.
Енді биылғы оқу жылында 118850 оқушы жазғы демалыс орындарына тартылатын болады. Қазір облыста 9 қала сыртындағы демалыс лагері жұмыс жасайды. Ал Қармақшы ауданында 2006 жылдан бастап қала сыртындағы лагерь жоқ. 2010 жылы лагерь құрылысы жоспарланғанымен, бүгінгі күнге дейін лагерь құрылысы басталмаған. Сондықтан аудан оқушыларын Сырдария ауданындағы «Жалын» қала сыртындағы демалыс лагеріне демалдыру қарастырылып отыр.
Биылғы жылы Жаңақорған ауданындағы 300 орындық «Талдысу» қала сыртындағы лагері жұмыс жасайды. Осы аталған қала сыртындағы лагерьлерде 6659 бала демалдыру жоспарлануда. Жалағаш ауданындағы қала сыртындағы лагерінің бір корпусына жылу қосылған, яғни жыл бойы жұмыс жасауға мүмкіндік жасалған.
Сонымен қатар жазғы маусымда 219 мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерьлерінде 32393 бала, жаңа тұрпатты шатырлы лагерьде 730 бала, басқа қала сыртындағы лагерьлерде 1755 бала демалатын болады. Тамақсыз мектеп жанындағы лагерьлер ұйымдастырылу жоспарлануда.
Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында жазғы еңбек лагерлері, көгалдандыру, көркейту және құрылыс бригадалары ұйымдастырылып, оған 23054 бала, аулалық клуб және мектептен тыс ұйымдар үйірмелеріне 10475 бала, мектеп жанындағы алаңға 12705 бала, 3 күндік экскурсия, саяхатқа 3501 баланы қамту межеленуде.
Биылғы жылы 9900 аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының демалуына жалпыға міндетті оқу қоры есебінен 51033,0 мың теңге қаржы бөлініп отыр. Облыс бойынша 31706 аз қамтамасыз етілген отбасы балалары болса, жазғы демалыспен 9900-ін қамтуды жоспарлап отыр. Арал ауданы аз қамтылған отбасының 63,6 пайыз, Қазалы ауданы 52,2 пайыз, Қармақшы ауданы 12,8 пайыз, Жалағаш ауданы 21,9 пайыз, Сырдария ауданы- 32,2 пайыз, Шиелі ауданы-42,3 пайыз, Жаңақорған ауданы-13,3 пайыз, Қызылорда қаласы -5,8 пайызын құрап отыр.
Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларының жазғы дамалысын тегін ұйымдастыру мақсатында 250 баланы басқа облыстағы қала сыртындағы лагерьлерге, 250 баланы, оның ішінде санаториялық мектеп-интернат тәрбиеленушілерін Астана қаласына туристік саяхатқа жіберу жоспарлануда.