Қызылорда облысы әкімінің екі орынбасары тағайындалды

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы әкімінің екі бірдей жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚазақстанРеспубликасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкіміменЖаханов Бахыт Дүйсенұлы мен Делмұханов Марат Нұрсайынұлы облыс әкімініңорынбасары қызметтеріне тағайындалды.

Б. Жаханов1974 жылы туған. Ы. Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтын«экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1996 жылыҚызылорда облысының ауыл шаруашылығы департаментінің жетекші маманы болыпбастаған. Әр жылдары Қызылорда облысының экономика, табиғи ресурстар жәнетабиғат пайдалануды реттеу, сондай-ақ білім басқармаларында жауапты қызметтератқарған. 2008-2011 жылдары Қызылордаоблысының ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеубасқармаларын басқарған. 2011-2015 жылдары Қызылорда облысы әкімініңорынбасары, Қазалы ауданының әкімі болды. 2015 жылдың маусым айынан бастап осыкезге дейін Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

М.Делмұханов 1979 жылы дүниеге келген. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстанмемлекеттік университетін «бухгалтер-экономист» және «заңгер» мамандықтары бойыншабітірген. Еңбек жолын 2001 жылы Батыс Қазақстан облысының экономикабасқармасының бас маманы ретінде бастаған. 2002-2010 жылдары Батыс Қазақстаноблысы әкімі аппараты талдау-эксперттік бөлімінің бас маманы,ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, БатысҚазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, «Технопарк «Алгоритм»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, 2010-2013 жылдары Маңғыстау облысыәкімі аппаратында қызмет атқарып, одан кейін Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.

Ал 2013-2017жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Қызылордаоблысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламаларбасқармасының басшысы қызметін атқарған. 2017 жылдың маусым айынан бастап осы кезге дейін Кызылордаоблысы әкімі аппаратының басшысы лауазымында еңбек етті.