Қызылорда облысы аумағында тұман түсіп, күшті жел тұруы ықтимал
02:31, 05 Наурыз 2013
ҚЫЗЫЛОРДА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы 2013 жылдың 6-7 наурызы аралығында Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай ойнап, көктайғақ болатынын хабарлайды.
Шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін.
Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтық шараларына баса назар аударуын ескертеді.