Қазір солардың арасынан жалпы құны 5,1 млрд. теңге тұратын «Кеңлік кенішіндегі ілеспе газды өңдеу өндірісін ұйымдастыру» және «Қамысты тақтайшалар шығару зауытының құрылысы» жобалары салалық топтан қолдау тауып отыр. Ал қалған төртеуі салалық министрліктің келісімін алу мақсатында қаралу үстінде. Негізгі күш облыстың минералды ресурстарын игеруде өнеркәсіп өнімдерін өңдеуді көтеруге бағытталып отыр.
16:24, 09 Қараша 2010
Қызылорда облысы Қазақстанның индустрияландыру картасына 6 жоба ұсынды
ҚЫЗЫЛОРДА. 9 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері Қазақстанның индустрияландыру картасына 6 жоба ұсынды.