Қызылорда облысы ҚР Конституциясының 15 жылдығын кеңінен атап өтуге дайындалып жатыр

ЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы ҚР Конституциясының 15 жылдығын кеңінен атап өтудің дайындық шараларын жүргізуде.

Облыс әкімдігінде өткен кезекті селекторлық мәжіліс осы мәселені талқылауға арналды. Оған облыстық мекемелер басшылары мен аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Қызылордада аталмыш мерекеге арналған басты шара-28 тамыз күні орталық алаңда өтеді. Шара барысында мұнда ақындар айтысы ұйым­дас­тырылады. Ал 30 тамызда алаңдағы мерекелік шара жалға­сын табады. Осы күні Астана қала­сында өтетін әскери шеру тікелей эфир арқылы алаң­дағы монитор арқылы көрсетілетін болады.