Қызылорда облысы: Сексеуіл стансасында жаңа мектеп пен клуб бой көтереді

None
ҚЫЗЫЛОРДА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Биыл Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Сексеуіл стансасында жаңа мектеп пен клубтың құрылысы басталады.

Орта білім беру мекемесінің ғимараты 150 орынға арналған. Оның сметалық құны - 402 млн. теңге. Қазіргі заманғы жабдықтармен қамтылатын оқу орында спорт және акт залдары, асханасы бар. Құрылыс мердігері - «БоМур» ЖШС жұмыстарды 2012 жылы аяқтауды жоспарлап отыр.

Сексеуілдегі ауылдық клуб үйі де 150 орынға лайықтанған. 142 млн. теңге тұратын жобаның кұрылысын «Арғын Құрылысы» ЖШС жүргізуде.