Облыс әкімінің өкімімен және ҚР Президентінің әкімшілігі мен Шиелі аудандық мәслихатының келісімімен аталған қызметке Нариман Әскербекұлы Мақұлбеков келді.
Нариман Әскербекұлы 1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1986 жылы Қызылорда қаласындағы автобазада слесарь ретінде бастаған.
1987-1994 жылдары Қарулы күш қатарында әскери борышын өтеп, жоғары оқу орнында студент болған.
1994-2017 жылдары құқық қорғау органдарында, соның ішінде Қызылорда қалалық прокуратурасының тергеуші стажерінен облыс прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның департамент бастығына дейінгі қызмет сатысынан өткен.
2018-2020 жеке секторда «Jfc colos» ЖШС директорының кеңесшісі лауазымын атқарған.
2020 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.