Оның айтуынша, Қызылордалық өндірушілер өнімінің дені көрші Ресей еліне экспортталады. Экспорт құрылымында негізгі бөлікті техникалық және ас тұзы - 50,8 пайыз, күріш 48 пайыздан астам және балық алады. Қазіргі таңда Қызылорда өңірінде балық өңдейтін 8 зауыт жұмыс істейді, олардың жалпы жылдық қуаты 11 мың тонна. Ал «Аралтұз» комбинатында айына 23 мың тоннадан астам өнім өндірілсе, 6 400 тоннасы ай сайын Ресейге экспортталады.
10:35, 01 Сәуір 2015
Қызылорда облысы тұз, күріш және балық экспортын ұлғайтпақ
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Қызылорда облысы экспорт әлеуетін арттыруды көздеп отыр, деп хабарлады облыстық статистика департаментінің басшысы Бақыт Сапар журналистермен өткен кездесуде.