ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына 3 үміткер тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Олардың арасында мемлекеттік кәсіпорын басшысы-мәслихат депутаты, саяси және мемлекеттік қызметші бар. Үміткерлердің орташа жасы - 54.
«Облыстан «Қазсушаруашылығы» республикалық мемлекеттік мекеменің Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Жорабек Нұрымбетов, облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов, Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменов ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үміткер ретінде тіркелген. 14 қаңтарда өтетін сайлау күнінде облыстағы 147 мәслихат депутаты дауыс беру арқылы таңдау жасайды. Облыстық сайлау комиссиясына өтініштер мен шағымдар келіп түскен жоқ», - деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.