ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында оқушылардың 99 пайызы дәстүрлі форматта білім алуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірде оқушылар арасында коронавирус инфекциясының таралу қаупін төмендету мақсатында қажетті шаралар тізбегі қабылданды. Дегенмен, облыс көлемінде мектеп оқушыларының 0,16 пайызы инфекция жұқтырғаны расталды. Қазіргі таңда оқушылардың 99 пайызы штаттық режимде білім алуда.
«Қазір ауа райының күрт салқындауына байланысты оқушылар арасында тұмаумен ауырғандар саны көптеп тіркелуде. Бүгінде облыс көлемінде 924 оқушы тұмаумен сырқаттанған. Олардың 70 -і емханада, 854-і үй жағдайында ем алып жатыр. Балалардың жағдайы жақсы, тиісті емдеу шаралары жүргізілуде», - деді облыстық Білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.
Еске салсақ, Қызылорда облысына коронавирусқа қарсы «Pfizer» вакцинасының 17 мың дозасы жеткізіледі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.