ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 102 жастағы қария референдумға қолдау білдіріп, дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентінде тұратын 102 жастағы Ілия Рысқұлова дауыс берді.
Аудан орталығындағы №91 учаскелік референдум комиссиясының мүшелері 102 жастағы кейуананың үйіне референдум жәшігін жеткізді.
Осылайша қария өз таңдауын жасауға мүмкіндік алды.
Биыл 102-ге толған Ілия әжейді Қазалы жұртшылығы жақсы таниды.
Қос ғасырдың куәгері соғыс жылдарында тылда тынбай еңбек етті. Қария қазір ұрпақтарының алдында бақытты өмір сүріп отыр.
Ғасыр жасаған қария Бейзейнеп, Эмагүлсім, Фатима, Жаңылған, Рахия, Ибраким есімді ұл-қыздарынан шөбере мен шөпшек сүйіп отыр.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.