ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 1300-ден астам жас мерзімді әскери қызметке шақыруға келмеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сыр өңірінде биылғы жылдың басында әскери қызметке шақыру қағазы бойынша келмеген 1300-ден астам жас іздестірілген. Олардың үштен бір бөлігіне жуығы табылды.
«Аталмыш шараның нәтижесінде 430 адам табылды. Бүгінге дейін олардың 30 пайызға жуығы міндетті әскери борышын өтеуге аттанып кетті», - деді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Еркінбек Байболов.
2018 жылғы көктемгі әскери қызметке шақыру қорытындысына сәйкес, тапсырыстың орындалуы мен шақыру комиссиясына шақырылушылардың толық келуін қамтамасыз етуде Қазалы, Сырдария, Арал, Жалағаш аудандары алдыңғы қатардан көрінді..
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.