Қызылорда облысында 136 шақырым су жүйесі жаңғыртылады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаинның айтуынша,  «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 13 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Бұл туралы ҚазАқпарат  ХАА  тілшісі хабарлады.

Атап айтқанда, 2018 жылға дейін 136 шақырым ауыз су құбырлары жаңғыртылатын болады. Сонымен қатар, Еуропалық жаңғырту және даму банкімен бірлесіп «Қызылорда қаласының сумен қамту жүйелерін салу және жаңғырту» жобасы аясында қаланың ауыз су және кәріз жүйелерінің электронды картасы әзірленіп, биллинг жүйесін енгізу жұмыстары жасалуда.  
  
 Алдағы уақытта орталықтандырылған ауыз суға қосылған ауылдық елді мекендер санын 80 пайызы жеткізу жоспарланған. Бүгінгі күні  аймақтағы 261 ауылдық елді мекеннің 194-і орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Бұл ауылдық елді мекендердің 74 пайызын құрайды.