ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында нағашысының үйіне қыдырып барған 2 жасар сәби құдыққа құлап, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24 наурызда Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына хабарлама келіп түсті.
«Онда Жаңақорған ауданына қарасты Қандөз ауылындағы тұрғын үйде су алатын құдыққа 2021 жылы туған сәби құлап кетіп, қаза болғаны айтылған. Ол Түркістан облысы, Сауран ауданы, Балтакөл елді мекенінен нағашысының үйіне анасымен бірге қонаққа келген», - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.
Бұдан бұрын Қызылордада тағы бір қайғылы жағдай орын алған еді. Жер үйде болған өрттен 48 жастағы ер адам көз жұмды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.