ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 28 мыңнан астам «Pfizer» вакцинасының бірінші компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазірге дейін өңірде барлығы 28172 адам «Pfizer» вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентімен қамтылғандар саны - 14298 адам.
«Бүгінге дейін аталған вакцина салдырғандар арасында 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер саны басым. Олардың 18,4 пайызы екі компонетін де алып үлгерді. Ол жүкті әйелдер арасында бірінші компонентпен - 7,9, лактация кезеңіндегі әйелдер арасында 7,6 пайызды шамалайды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында «Ashyq» жобасына қосылған нысандар жұмысына шектеулер алынып тасталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.