Қызылорда облысында 34,1 мың жасөспірім коронавирусқа қарсы егілді
21:09, 08 Ақпан 2022
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 38 мыңнан астам адам «Pfizer» вакцинасының бірінші компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазірге дейін өңірде барлығы 38 746 адам «Pfizer» вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Бұл - тиісті контингенттің 38,9 пайызы. Олардың 16,2 пайызы екі компонентін алды.
Оның ішінде 34 102 жасөспірім, 1908 жүкті әйел, 3530 емізулі ана қамтылды.
«Бүгінге дейін аталған вакцинаны салдырғандар арасында 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер саны басым. Олардың 20,4 пайызы екі компонетін де алып үлгерді. Ал жүкті әйелдер арасында бірінші компонентпен - 8,4, лактация кезеңіндегі әйелдер арасында 8,3 пайызды шамалайды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.
Еске салсақ, Қызылорда облысында 87 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті.