Қызылорда облысында 34 мыңнан астам адам «Pfizer» вакцинасын салдырды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 34 мыңнан астам «Pfizer» вакцинасының бірінші компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазірге дейін өңірде барлығы 34254 адам «Pfizer» вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентімен қамтылғандар саны - 15 359 адам.

«Бүгінге дейін аталған вакцина салдырғандар арасында 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер саны басым. Олардың 19,8 пайызы екі компонетін де алып үлгерді. Ол жүкті әйелдер арасында бірінші компонентпен - 8,3, лактация кезеңіндегі әйелдер арасында 8,1 пайызды шамалайды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Еске салсақ, Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандар қатары төмендеп келеді.