ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 40 ауылдық округте халық таңдауымен әкімдер сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған сайлау учаскелері бойынша 36 071 адам сайлаушылар тізіміне енгізілді. Оның 30 149-ы (83,58%) дауыс беруге қатысты.
Ауыл әкімі қызметіне 122 адам үміткер болды.
Оның ішінде «Nur Otan» партиясынан - 30, «Ауыл» ХДПП - 2, «ADAL» ПП - 2, Қазақстан халық партиясынан - 1, өзін-өзі ұсыну бойынша - 5 адам саяси додада бақ сынады.
Дауыс беру 40 ауылдық округтегі 54 сайлау учаскесінде ұйымдастырылды.
Оған облыс бойынша 304 комиссия мүшесі тартылған.
«Бақылаушылар тарапынан сайлау барысында талап бұзушылықтар жөнінде арыз-шағым түскен жоқ. Айта кету керек, алғаш рет ауыл әкімдерін тұрғындардың өздері таңдады», - деді облыстық сайлау комиссиясынан.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.