ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 45 мыңнан астам Pfizer вакцинасының бірінші компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазірге дейін өңірде барлығы 45540 адам Pfizer вакцинасының бірінші компонентін салдырды.
«Бүгінге дейін аталған вакцинаны салдырғандар арасында 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер саны басым. Олардың арасында 39 536 жасөспірім екі компонентін де алып үлгерді. Ол жүкті әйелдер арасында бірінші компонентпен - 2016 адам, лактация кезеңіндегі әйелдер арасында 3982 адам және өзге топтар бойынша 6 адам қатерлі індетке қарсы екпе салдырды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.
Еске салсақ, Қызылорда облысында үйде оқшаулану тәртібін бұған 1,3 мың адам анықталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.