Қызылорда облысында 42 жастағы адам суға батып кетті

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында кеше, 12 шілдеде 42 жастағы азамат суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш оқиға Жаңақорған ауданы аумағындағы каналдың біріндеорын алған. Каналдың жағасына кешкілік мезгілде демалуға үш адам барған.

«Олардың екеуі ұйықтап қалған. Үшіншісі қайда кеткенінбілмейді. Таңертең жергілікті тұрғындардың күшімен суға кеткен адамның жансызденесі табылды. Қазір олбойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Азаматтар көп жағдайда су жағасындаішімдік ішеді. Сондай-ақ, балаларын қараусыз қалдырған ата-аналар жиікездеседі. Сондықтан тұрғындардың сақтық шараларына назар аударуын сұраймыз», -дейді Қызылорда облыстықжұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев.

Бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысында 21 адам суға кеткен.Олардың сегізі бала. Қазіргікүнге дейін Қызылорда қаласында – 8, Жаңақорғанда – 4, Аралда – 3, Қазалыда –2, Байқоңырда – 2, Шиелі мен Сырдарияда 1 адам тілсіз жаудың құрбаны болды.

БылтырҚызылордада облысында дәл осы уақытта 22 адам суға кетіп көз жұмған еді.

Соңғы жаңалықтар