Қазірге дейін өңірде барлығы 49 516 адам Pfizer вакцинасының бірінші компонентін салдырды.
Облыс бойынша аталған вакцинаны салдыруға 97 695 адам есептелді. Оның ішінде 63 500-і - жасөспірімдер. Қазір 1-компонетпен қамтылғаны - 49516 тұрғын.
Бұл - есепке алынғандар тұрғындардың 50,7 пайызы. Ал 2-компонентпен 19 666 адам (20,1 пайыз) қамтылды.
Атап айтқанда, жасөспірімдер арасында бірінші компонентті - 43175 адам (68,4 пайыз), 2-компонентті - 16265 (25,6 пайыз) адам алды.
«Сондай-ақ, аталған вакцинаны жасөспірімдерден өзге жүкті әйелдер, лактация кезіндегі әйелдер қабылдауға мүмкіндік алды. Қаулылардағы соңғы өзгерістерге сәйкес ол медицина қызметкерлері, 60 және одан жоғары жастағы егде адамдарға салынады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.
Еске салсақ, Қызылордада биылғы оқу жылында 305 сынып карантинге жабылды.