ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданаралық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде соңғы науқас емделіп шықты. Осылайша бес ай бұрын жұмысын бастаған провизорлық стационар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазалы ауданындағы 100 адамға арналған орталық осыдан 5 ай бұрын ашылды. Індет өршіген кезде жергілікті дәрігерлер уақытпен санаспай еңбек етті.
«Соңғы уақытта стационарға коронавирус, пневмония дертімен науқастар келіп түскен жоқ. Бүгін соңғы науқасты шығарып, провизорлық стационар жабылды. Енді бұл жерде дезинфекция жұмыстары жүргізіліеді. Одан кейін жұқпалы аурулар бөлімі халыққа қалыпты жағдайда қызмет көрсететін болады», - деді Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақытгүл Әлішева.
Қазір ауданда эпидемиологиялық ахуал тұрақталды. Десе де дәрігерлер қауіпсіздік шараларын сақтап, медициналық маска тағуды ұмытпау қажеттігін айтады. Бұған дейін аудандағы Қазалы теміржол ауруханасындағы провизорлық стационар да жабылған болатын.
Сондай-ақ,Қызылордада қалалық аурухана қалыпты жұмысқа қайта көшті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.