ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында сайлауға өз үміткерлерін ұсынған 5 партия да жергілікті деңгейдегі мәслихаттарда депутаттық мандатқа қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыста үміткерлерге бөлінген депутаттық мандат саны -152. Саяси науқанға барлығы 5 партия қатысты. Сайлау нәтижесінде барлық партия өкілдері облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарда депутаттық орынға ие болды.
«Атап айтқанда, Қазақстан Халық партиясы – 4, «Nur Otan» партиясы - 126, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 5, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 15, «Adal» саяси партиясында –2. ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында қызылордалық азаматтардың 73,9 пайызы өз таңдауын жасады», - деді Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.