ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданында 51 жастағы азамат каналға суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Шиелі ауданына қарасты Н.Бекежанов атындағы ауыл маңындағы каналда болды. Қызылорда қаласында тұратын 51 жастағы азамат сол аумақта суға батып кеткен.
«Мәйіт жергілікті уақытпен 18.20-да азаматтың суға түскен орнынан екі метр қашықтан табылып, жағаға шығарылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің өкілдері.
Бұдан бұрын Сырдария өзенінің ортасында қалып қойған екі бала құтқарылғаны туралы жазылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.