Қызылорда облысында 53 жастағы әйел тепловоз доңғалақтарының астына түсіп, мерт болды - ҚР ТЖМ
08:35, 03 Шілде 2012
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 53 жастағы әйел тепловоз доңғалақтарының астына түсіп, мерт болды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Дүйсенбі, 2 шілдеде Қызылорда облысының Сексеуіл стансасында теміржолдың 2371 шақырымында 53 жастағы әйел абайсызда тепловоз доңғалақтарының астына түсіп қалған. Ол оқиға орнында көз жұмды.