Қызылорда облысында 56 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 56 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазірге дейін өңірде барлығы 56834 адам Pfizer вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Оның ішінде 49716-ы - жасөспірімдер. Қазір олардың 20429-ы 2-компонетпен қамтылды.

Ал жүкті әйелдер арасында 2305 адам бірінші, 1506 адам екінші компонентті салдырды. Ал лактация кезеңіндегі әйелдер арасында бірінші компонент алғандар - 4763, екінші компонентпен - 2477 адамға жетті.

Өткен тәулікте бірінші компонетпен 975 адам қамтылса, 858-і екінші компонентін салдырды.

«Айта кетерлігі, Pfizer препаратымен 8634 адам ревакцинацияланды. Қаулылардағы соңғы өзгерістерге сәйкес вакцина медицина қызметкерлері, мүгедек адамдар, 50 және одан жоғары жастағы егде адамдарға салынады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Еске салсақ, Қызылорда облысында 123 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті.