Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ақпаратында мәлім етілгендей, «Ashyq» мобильдік қосымшасы арқылы 3 компьютерлік клуб, 1 кинотеатр, 1 балалар бассейні және 1 боулинг орталығы жұмысқа кірісті.
«Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13 сәуірдегі №8 Қаулысына сәйкес бассейндер мен кинотеатрлар уақыт және сыйымдылыққа қатысты шектеумен жұмыс жасауда. Ал боулинг және компьютерлік клубтарға «Ashyq» жобасына қосылған кәсіпкерлік субъектілеріне ғана рұқсат етілген.
«Ashyq» мобильді қосымшасы, бұл қауіпсіз орта құруға, вирусты жұқтыру және таралу қаупін төмендетуге бағытталған. Сондай-ақ бизнеске карантиндік шаралар кезінде өз қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді», -