ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 64 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірде ревакцинация жасау үшін екпе қоры жеткілікті. Облыста ревакцинация үшін «QazVac», «SinoVac», «Pfizer», «Спутник Лайт» препараттары қолданылуда.
«Өткен жылдың қарашасынан басталған ревакцинациядан барлығы 64 921 адам өтті. Басым көпшілігі - облыс орталығының үлесінде. Ал аудандар бойынша жоғары көрсеткіштер Арал, Қазалы, Жаңақорғанға тиесілі. Ревакциналау бойынша медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен күштік құрылымдар қызметкерлері көш бастап тұр. Облыс көлемінде иммундаудан кейін асқыну жағдайлары тіркелген жоқ», - деп мәлім етті облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.
Еске салсақ, бүгінге дейін Қызылорда облысында 28 мыңнан астам адам «Pfizer» вакцинасын салдырды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.