ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 7 жастағы қыз бала бір күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қармақшы аудандық Полиция бөлімініне 2016 жылы дүниеге келген Жібек Дәуренбекқызының жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Ол 6 тамызда сағат 18:30 шамасында үйден шығып, қайта оралмаған. Қармақшы аудандық Полиция бөлімінің барлық жеке құрамы оны іздеуге жұмылдырылды.
«Жібек Тұрмағанбет ауылының №29 мектептің 2 сыныбында оқиды. Бойы 135-140 см, арық денелі, шашы сарғыштау, көздері қысыңқы келген. Қызды іздеу полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Жоғалған қыздың қайда екені туралы ақпарат білетіндер болса, 102 телефоны арқылы полицияға хабарласуды сұраймыз», - деп мәлім етті Қармақшы аудандық полиция бөлімінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында 20 жастағы малшы бірнеше күннен бері хабарсыз кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.