ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 800 тең жоңышқа шөбі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
29 қазан күні сағат 16.26-да Жаңақорған ауданы №14 cөндіру бөлімінің байланыс бекетіне хабарлама түскен. Онда ауданға қарасты Билібай ауылындағы тұрғын үй маңында шөп өртеніп жатқаны айтылған.
«Оқиға орнына кезекшіліктегі жеке құрам арнайы техникамен жетті. Онда ашық алаңға жиналған 800 тең жоңышқа және 3 тіркемеге тиелген жантақ шөбі өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің беті сағат 17.07-де қайтарылды. Оттың тұтану себебі анықталып жатыр. Өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.