Ревакцинация жасау үшін екпе қоры жеткілікті. Атап айтқанда, «QazVac», «SinoVac», «Pfizer», «Спутник Лайт» препараттары қолданылуда.
Өткен жылдың қарашасынан басталған ревакцинациядан барлығы 87 633 адам өтті. Басым көпшілігі - облыс орталығының үлесінде. Ал аудандар бойынша жоғары көрсеткіштер Арал, Қазалы, Жаңақорғанға тиесілі.
«Ревакциналау бойынша медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен күштік құрылымдар қызметкерлері көш бастап тұр. Сондай-ақ, 60 жастан асқандардың үлесі жоғары. Студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдар арасында да ревакцинациялау көрсеткіші арта түсті. Облыс көлемінде иммундаудан кейін асқыну жағдайы тіркелген жоқ», - деп мәлім етті облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.
Еске салсақ, бұған дейін Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандар қатары төмендегендігін хабарлаған болатынбыз.