Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Сейіл Ботакөз мәлім еткендей, өткізілген шара нәтижесінде бос жұмыс орындарына 94 борышкер орналастырылып, қазіргі таңда олардан алимент өндіріле бастады.
Айта кететін жайт, ағымдағы жыл басында 430 борышкерден 688 балаға 141 млн. теңге берешек қарызы қалыптасты. Бүгінгі күнгі дейін 245 борышкер 379 балаға 72 200 000 теңге көлеміндегі қаржыны ішінара өтеді.
Сонымен қатар, алимент төлеуден жалтырып жүрген 27 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 5-еуі қамаққа алынса, ҚР ҚК-нің 139-бабына сәйкес, 10 борышкер қылмыстық жауапқа тартылды.
Мысалы, борышкер Ж.Тоқтамысов 3 жылдан бері 2 баласына тиесілі алиментті төлемей, заңмен белгіленген міндетін орындамай келген, сәйкесінше оның 1 060 000 теңге алименттен берешегі қалыптасқан. Соның негізінде, мемлекеттік сот орындаушысы Ж.Тоқтамысовқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен хаттама толтырып, сот қаулысымен борышкер әкімшілік қамаққа алынды.