Қызылорда облысында Ауғанстанға жеткізілуі тиіс болған цистернаның ақауы салдарынан ауаға газ тарады

АСТАНА. Сәуірдің 26-сы. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Шиелі стансысында Ауғанстанға жеткізілуі тиіс болған жүк пойызының цистернасынан ауаға газ тарады.

ҚР ТЖМ құтқарушыларының мәліметіне сәйкес, пойыз Ақтөбе облысының Жем стансысынан Голова стансысы (Өзбекстан) арқылы Хорун Беллал (Ауғанстан) стансысына қарай бет алған.

Қазір газды ауаға таратып жатқан сйымдылығы 33 тонна цистерна Шиелі стансысының тұйығына қойылды. Өртке қарсы пойыз (5 адам) бен Қызылорда облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің (5 адам мен 1 техника) күшімен газдың ауаға таралуы тоқтатылды.

Адамдардың өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ, деп мәлімдейді ҚР ТЖМ.