Қызылорда облысында балалар өлімі көбейіп отыр

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Cыр бойында өсіп, өніп жатқан балғын бүлдіршіндердің арасындағы өлім-жітімнің көбейіп келе жатқаны белгілі болып отыр.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Ләйла Құлтаева мәлімдеді.

Облыстық әкімдікте өткен мәжілісте үстіміздегі жылдың бес айына талдау жасаған ол ана мен бала өлімінің артып келе жатқанына алаңдаушылық білдірді. Аталған мерзімде облыста өмірге 8090 бала келген. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 891-ге артық. Өкінішке орай, балалардың шетінеуі де көбейіп кеткен. Ол бүгінде 3,5 пайызға артқан. Мамандар осы орайда сәбилердің шетінуін көп жағдайда жүкті әйелдердің дер кезінде медициналық сараптамалардан өтпеуімен байланыстырып отыр. Есепті кезеңде бұған қоса үш ананың қайтыс болғаны анықталды.