Қызылорда облысында балық аулаған 13 жастағы жасөспірім суға батып кетті

АСТАНА. 7 қаңтар. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында балық аулау кезінде 13 жастағы жасөспірім суға батып кетті,

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

«Кеше Арал ауданына қарасты Шөміш көлінде балық аулау кезінде 13 жастағы жасөспірім суға батып кетті», - делінген ведомство ақпаратында.

Баланың денесін ҚР ТЖМ суда құтқару қызметінің мамандары алып шықты.